Спорт саласында оқушылардың жетістіктері » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
«Ұлттық мектеп лигасының» ІІІ облыстық кезеңі өз мәресіне жетті
31
қаңтар
2025
«Ұлттық мектеп лигасының» ІІІ облыстық кезеңі өз мәресіне жетті
2025 жылдың 27-29 қаңтар күндері аралығында Талдықорған қаласында 9-11 сынып оқушылары қыздар арасында баскетболдан «Ұлттық мектеп лигасының» ІІІ облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. 🥇Аталған жарысқа ауданымыздың атынан Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы қатысып, жүлделі І ОРЫН иеленді. Республикалық кезеңде Жетісу облысының намысын қорғайтын болады. Жаттықтырушылары: Смаханов Арыстанбек Мұратов Тлеуберді Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!! 
Қазақстан Республикасының Чемпионы
24
қаңтар
2025
Қазақстан Республикасының Чемпионы
Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушымыз Нұрболатқызы Арай баскетболдан Қазақстан Республикасының Чемпионы болды және ҚР үздік ойыншысы Нұрболатқызы Арай атанды. Чемпионат Щучинск қаласында өтті.  
Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы
23
қаңтар
2025
Облыстық «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасы
🔻Абай атындағы мектеп-гимназиясының ұлдар командасы «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының Республикалық кезеңіне жолдама алды 2025 жылдың 20-23 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының ІІІ облыстық кезеңі өтті. Бұл жарыс жас спортшылар үшін үлкен бәсекелестік пен жоғары шеберлікті талап ететін маңызды спорттық іс-шара болды. Жарыс нәтижесінде Абай атындағы мектеп-гимназиясының ұлдар командасы керемет ойын көрсетіп,
Оқушылар арасында эстафеталық ойын
21
қаңтар
2025
Оқушылар арасында эстафеталық ойын
2025 жылдың 21 қаңтар күні Сарқан қаласы, Абай ат. МГ оқушылары арасында эстафеталық ойын өтті. Жарыс өте қызықты әрі тартысты болды. Жеңіске жеткен командалар: 1 орын 2 В сыныбы 2 орын 2 Г сыныбы 3 орын 2 Ә сыныбы Жеңімпаздар орталықтың мақтау қағаздарымен марапатталды.
Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы"
12
наурыз
2024
Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы"
Баскетбол ойынынан қыздар арасында облыстық "Ұлттық мектеп лигасынан" мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары І орын алып Республикаға жолдама алды. Жаттықтырушысы: Смаханов Арыстанбек, Аухадиев Аслан Құттықтаймыз 
Бокстан Сарқан ауданында облыстық ашық турнир өтті
12
наурыз
2024
Бокстан Сарқан ауданында облыстық ашық турнир өтті
9-10.03 күндер аралығында бокстан Сарқан ауданында облыстық ашық турнир өтті. Турнирден оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. 2 оқушы бірінші орын, 1 оқушы екінші орын, 4 оқушы үшінші орынға ие болды. Құттықтаймыз💐  
9-11 сынып ұлдар арасындағы "Ұлттық мектеп лига" жарысы
12
қаңтар
2024
9-11 сынып ұлдар арасындағы "Ұлттық мектеп лига" жарысы
9-11 сынып ұлдар арасындағы "Ұлттық мектеп лига" жарысында волейбол ойынынан III орын иеленді Харалбек Әлем "Үздік ойыншы" номинациясын иеленді  
Облыстық 3х3 баскетбол жарысы
27
қазан
2023
Облыстық 3х3 баскетбол жарысы
22-24.10.2023 ж Талдықорған қаласында өткен Республика күніне орай Облыстық 3х3 баскетбол жарысында мектебіміздің оқушысы Рустенбекова Аруна 2 орын иеленді . Жетекші Смаханов Арыстанбек  
9-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс өтті
29
қыркүйек
2023
9-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс өтті
1 тоқсанның жоспарына сәйкес 9-11 сыныптар арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыстын қорытындысы бойынша 1орын 11а сыныбы. 2 орын 10а сыныбы. 3 орын 9б сыныбы иеленді. Үздік ойыншы Уразмолда Айман 11а сынып. Үздік қорғаушы Өмірбек Томирис 10а сынып. Үздік шабуылдаушы Муратхан Бакыт 9б сынып.