1-сыныптар арасында “Жүзден жүйрік” атты интеллектуалды ойыны
31 қаңтар күні 1-сыныптар арасында “Жүзден жүйрік” атты интеллектуалды ойыны өтті. Мақсаты: Оқушылардың алғырлығы мен ептілігін бақылай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау және зияткерлі тұлғаны қалыптастыру. Сайыс барысында балалар әртүрлі эстафеталық ойындарды ойнай отырып, ана тілі пәнінен, математикадан берілген тапсырмаларды орындады. Іс-шараны өткізген мұғалімдер: Сейтмуратқызы Ә, Туремуратова Д, Сансызбайқызы А, Ногайбаева И, Жапаргалиева Д.