Оқушылардың жетістіктері » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
“Оқушы көзімен – құқықтық көзқарас” интеллектуалды ойыны
13
қараша
2025
“Оқушы көзімен – құқықтық көзқарас” интеллектуалды ойыны
Сарқан ауданы прокуратурасы мен “Sargan jastary” филиалының ұйымдастыруымен өткен “Оқушы көзімен – құқықтық көзқарас” интеллектуалды ойынына белсене қатысып, терең білім мен тапқырлық танытып, 1-орын иеленген Абай атындағы мектеп-гимназиясының “Сұңқар” тобын құттықтаймыз! Команда құрамында: – Мектеп психологі: Иманғазиева Дания Мұратқызы – 11 «А» сынып оқушылары: Әлімғазы Сұңқар, Дидарұлы Ерәділ Жеңістеріңіз құтты болсын! Жетістіктеріңіз жалғасын тапсын!  
«Ер ел есінде» атты танымдық жарыс өтті
07
қараша
2025
«Ер ел есінде» атты танымдық жарыс өтті
7 қараша күні мектебімізде кітапханашылардың ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай 8-10 сынып оқушылары арасында «Ер ел есінде» атты танымдық жарыс өтті. Мақсаты: Аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолын таныстыру, оның ерлігі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, батырлыққа, ел қорғай білетін азамат болуға тәрбиелеу. Жарысқа 30 оқушы қатысып, білімдерін, дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Нәтижесінде: - Бас жүлде – 9 «А» сыныбы - І орын – 10 «Ә»
«Зерде» 2–7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары байқауы
04
қараша
2025
«Зерде» 2–7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары байқауы
«Зерде» 2–7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары байқауы Мектебіміздің жас зерттеушілері өз идеяларын, тың ойларын және қызықты жобаларын таныстырды! Әрбір бала — болашақ ғалым, әр жоба — үлкен еңбектің нәтижесі. Аудандық кезеңде жас ізденушілерімізге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!  
🍁 Күзгі балл – 2025 🍁
21
қазан
2025
🍁 Күзгі балл – 2025 🍁
🍁 Күзгі балл – 2025 🍁 📍 17 қазан күні мектебімізде 5–7 сынып оқушылары арасында сән мен сұлулық, өнер мен шығармашылыққа толы “Күзгі балл – 2025” байқауы өтті. Байқауға әділ қазы ретінде мектеп әкімшілігімен қатар, Сарқан ауданының құрметті азаматы – Кисабекова Гүлжан Есімханқызы арнайы шақыртылды. 🎭 Жауапкершілікпен дайындалған оқушылар керемет өнер көрсетіп, кештің шырайын аша түсті! 🏆 Байқау жеңімпаздары: 🥇 Бас жүлде 6 «Б» — Нурахивов Сейфулла & Бақытжанқызы Амина 🥈 І орын 7 «Ә» —
🎉 “Ақберен” шығармашылық оқушылар байқауы
13
қазан
2025
🎉 “Ақберен” шығармашылық оқушылар байқауы
🎉 “Ақберен” шығармашылық оқушылар байқауының аудандық кезеңі 🎶 Мектебіміздің оқушылары бұл байқауда өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткізді. 🥇 Ұлттық аспапта ойнау бағыты бойынша 9-сынып оқушысы Танатар Қуандық І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі – музыка пәнінің мұғалімі Айдарханова Балқаш. 🥉 Эссе жазу бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Шакрат Алтынай ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арғынбаева Аида. 🌟 Жас
Шахматтан облыстық олимпиада жүлдегері!
24
қыркүйек
2025
Шахматтан облыстық олимпиада жүлдегері!
Шахматтан облыстық олимпиада жүлдегері! 2–11 сынып оқушылары арасында өткен көп деңгейлі балалар мен жасөспірімдердің шахмат спортынан облыстық олимпиадасында 11-сынып оқушысы Садуақас Дамир жоғары шеберлік танытып, III орын иеленді. Жетекшісі Т. Мұратов. Жеңімпазымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!  
Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл
21
тамыз
2025
Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл
Тамыз айының 20 күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында, Ұлы ақын, компазитор, философ ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай “Абай әлемі” тақырыбына Облыстық байқауда Абай атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Бақытбек Шәкиза белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Нургалиева Асель Каналовна  
«J-LEAGUE» жобасы аясында баскетболдан «Алтын доп» 2012-2013 жылы туылған жасөспірім қыздар
18
маусым
2025
«J-LEAGUE» жобасы аясында баскетболдан «Алтын доп» 2012-2013 жылы
 2025 жылдың 16-18 маусым күндері аралығында Талдықорған қаласында «J-LEAGUE» жобасы аясында баскетболдан «Алтын доп» 2012-2013 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында жарыстың облыстық ақтық кезеңі өз мәресіне жетті. 🔊🔊🔊Ақтық кезеңде ауданымыздың екі бірдей командасы жүлделі орындардан көрініп, аудан мерейін үстем етті. 🥇🥇🥇Абай атындағы мектеп-гимназиясының командасы жүлделі І ОРЫН иеленіп, «J-LEAGUE» жобасының алғашқы жеңімпаздары атанды. Жаттықтырушысы: Смаханов Арыстанбек. 🥉🥉🥉√1
«Қазіргі білім беру кезеңіндегі орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері мен болашағы»
25
мамыр
2025
«Қазіргі білім беру кезеңіндегі орыс тілі мен әдебиетін оқытудың
Абай атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Максименко Наталья Сергеевна профессор Муса Казимович Бисенқұловтың құрметіне арналған «Қазіргі білім беру кезеңіндегі орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, педагогикалық тәжірибесін таратқаны және ғылыми білімді насихаттағаны үшін сертификатпен марапатталды.  
16-17 жастағы жасөспірімдер арасында өткен “Sarqan open” 2-ашық турнир
20
мамыр
2025
16-17 жастағы жасөспірімдер арасында өткен “Sarqan open” 2-ашық турнир
18 мамыр күні 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында өткен “Sarqan open” 2-ашық турнирінде мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Қайратбек Омар 69 кг салмақта чемпион атанды. Болашақ чемпионға сәттілік тілейміз!