25
тамыз
2022
Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт комитетінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеден мектебіміздің 11-сынып оқушысы, балалар мен жасөспірімдерге арналған «SADU» спорт мектебінің еркін күресшісі Шулгаубаев Естай Алтаевич (80 келі салмақта) топ жарып, чемпион атанып, алтыннан алқа тақты.
Естай, сені шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!