1 сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » » 1 сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
01
сентябрь
2022

1 сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру

1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ


 1. Ата - анаға баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығы бойынша кеңес беру
 1. Баланы біртіндеп мектеп күн тәртібіне бейімдеу керек.
 2. Бала мұғалімді дұрыс тыңдауы үшін оған беретін нұсқауларыңыз анық, аз сөзді, жылы лебізді, жайдарлы әрі жайлы болуы қажет. Баланы мектепте болатын қиындықтармен қорқытпаңыз.
 3. Мектеп алдында әрі оқу кезінде баланың көру және есту сезгіштігін тексертіп отырыңыз.
 4. Оқуға дайындық: 6 - 7 жастағы бала әліппенің баспа әріптерінің барлығын білуі тиіс. Кейбір балалар буындап, кейбірі тұтас мәтінді де оқи алады. Балалардың дайындығы әр түрлі болғанымен барлық балалар оқу процесінен жылдам шаршайды.
 Сабақты демалыспен кезектестіріңіз. Балаңыз айна алдында дыбыстарды нақты, дауыстап, жекелеген дыбыстарды бөліп әрі созып айтуына мүмкіндік беріңіз. Бұл сөйлеу апаратын дамытады.
 5. Жазуға дайындық: қаламды бала дұрыс жаттыққан қолмен ұстауы тиіс. Бояуды трафарет және штрихтаумен алмастыру. Сызықтар төменнен жоғары, оңнан солға, егер ол қисық болса, онда сағат тіліне қарсы болуы тиіс. Сызықтардың арасы 0, 5 см болуы тиіс, бұл жазба әліппесінің негізгі принципі. 
Есіңізде болсын, сабақтан қалай шаршаса, оқудан да солай шаршайды.