Республикалық балалар оқулары байқауы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
26
август
2022

Республикалық балалар оқулары байқауы

      ҚР Информация және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ «Балалар жылы» шеңберінде балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында Республикалық балалар оқулары байқауын өткізеді.
Байқаудың І кезеңі (аудандық/қалалық) 15-25 сентябрь аралығында өңірдегі аудан және қалаларда ұйымдастырылады.
      Байқаудың ІІ кезеңі (облыстық) 5-15 октябрь аралығында кемінде
17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қалаларда өткізіледі.
Байқаудың IІІ кезеңі (республикалық) 1-15 ноябрь аралығында өткізіледі. Нәтижесінде І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері анықталып, дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
      Байқауға Қазақстанның барлық орта білім беретін мектептерінің
3-10 сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылар 2022 жылғы июль, август және сентябрь айларында, жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасына сәйкес «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған, қазақстандық және шетелдік кітаптардың сілтемелері арқылы әдеби кітаптарды оқиды.
    3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/858/8582d39c6debac017cd4e3c5ae03ccd7.pdf&ln=kz және «Алпамыс батыр» ертегілері https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/1f0/1f0e1d651f684d093169ed78e11a8bbc.pdf&ln=kz );
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/763/763980a119e303bc07bd07ac9c86588b.pdf&ln=kz және «Ағайынды Гриммдер ертегілері» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ab8/ab836b25f47bc3e78779580bb3f97bd1.pdf&ln=kz );
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/5e1/5e13518fb629e466f3a930c56af4d672.pdf&ln=kz және «Гулливердің саяхаты» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ace/aceae4949f3ab62c32017a47b7f332d8.pdf&ln=kz);