Материалы за Ноябрь 2021 года » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Ноябрь 2021 года » Страница 2
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
"Оқу жылдамдығы мен көркем жазу" сайысы
12
ноябрь
2021
"Оқу жылдамдығы мен көркем жазу" сайысы
     Оқушының оқуға, жазуға деген ынтасын жоғарлату мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында оқу жылдамдығы мен көркем жазудан сайыс өткізілу жаспарланған болатын. Осы орайда, бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 1 "а, ә, б" 2 "а, ә, б, в" 3 "а, ә, б, в" 4 "а, ә, б, в" сыныптар арасында жылдам оқу және көркем жазу бойынша жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, мектеп қабырғасындағы үздіктер тақтасына ілінді.  
Аудандық мақал-мәтел жарысы
11
ноябрь
2021
Аудандық мақал-мәтел жарысы
       Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен аудан мектептерінің 6-сынып оқушыларының арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткен мақал-мәтел жарысында мектебіміздің 6 "А" сынып оқушысы Бейсенбай Зікірия 1-орын иеленді. Жетекшісі: Аргынбаева Аида. 
Президенттік сайлау
08
ноябрь
2021
Президенттік сайлау
    Абай атындағы мектеп гимназияда кезекті Президенттік сайлау өткізілді. Сайлау барысында Президенттікке өтініш білдірген 4 үміткер өз кандидатураларын ұсынды. 5-11 сынып оқушыларына сайлау бланкілері таратылып, барлығы 302 оқушы өз дауыстарын берді.  Нəтижесінде: 9"Ә" сынып оқушысы Қабанбай Меруерт-66 дауыс;  9"А" сынып оқушысы Хапез Үмбет-49 дауыс;  10"Ə" сынып оқушысы Дауылбай Дильназ 55 дауыс 10"А" сынып оқушысы Кәрімова Ясмина 132 дауыспен мектеп Президенті болып сайланды.  
"Жасыл ел кубогі" жайдарман ойыны
07
ноябрь
2021
"Жасыл ел кубогі" жайдарман ойыны
  Ақсу ауданында "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-30 жыл" толуына орай ұйымдастырылып отырған "Жасыл ел кубогі" жайдарман ойынында Абай атындағы мектеп гимназиясының "Шайғышбектер" командасы ІІІ орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталды.  
"Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау және оны шешу жолдары"  вебинар
05
ноябрь
2021
"Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау және оны шешу
     Аудандық білім беруді дамыту оқу -әдістемелік орталығының әдіскері С.Мықтыбекованың ұйымдастыруымен "Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау және оны шешу жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің тәжірибе тарату вебинары өтті. Вебинар жұмысында мектебіміздің мұғалімі Арғынбаева Аида Ембергеновна «Жылдам, түсініп оқудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыс педагогтары тарапынан тиімді кері байланыс алып, жұмыстарына оң баға берілді.  
"Mi Battle" байқауы
05
ноябрь
2021
"Mi Battle" байқауы
"Біреуден ЕКЕУ, Екеуден ҮШЕУ, Үшеуден ТӨРТ, Төрттен КӨП жақсы. Көптің бірлігі болса, тіпті керемет"-деп жерлесіміз, журналист Бейсен Абайұлы айтқандай, Сарқан ауданының намысын облыстық "Mi Battle" байқауына қатысып, қорғап, жеңімпаз атанып қайттық. Преподавателидің интеллектуалдық білімін шыңдаған сайыстың форматы ерекше әрі қызықты өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.
"ЖАС МАМАНДАР" байқауы аудандық
05
ноябрь
2021
"ЖАС МАМАНДАР" байқауы аудандық
     Сарқан аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Алмалы мектебінде жас мамандарды қолдау, бірін-бірі танып, тәжірибе алмасу мақсатында аудандық “Сабақта оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері”, “Менің жұмыс жүйем” атты ЖАС МАМАНДАР байқауы өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің жас маманы ағылшын тілі пәні мұғалімі Қалибаева Арай Сатыбалдықызы қатысып, жүлделі І орынға ие болды! Тәлімгері Есимбекова Динара Айдархановна!   
Көңілді эстафета
04
ноябрь
2021
Көңілді эстафета
📌"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-30 жыл" толуына орай дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында көңілді эстафеталық жарыс өтті. Эстафета 8 сайыстан тұрды. 1.Үстел теннисі(Ұлдар арасында) 2.Дойбы ойыны(Қыздар арасында) 3.Асық ату 4.Қаппен секіру 5.Допты себетке лақтыру 6.Дартс ату 7.Май шаммен жүгіру 8.Арқан тартыс Жарысқа қатысушы ұстаздардан "Абай жастары" және "Барыс" командалары құрылып, нәтижесінде "Барыс" командасы жеңіске жетті!
Мектеп парламентінің президентін сайлау
02
ноябрь
2021
Мектеп парламентінің президентін сайлау
Құрметті мектеп оқушылары! 08.11.2021 күні мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының сайлауы өтеді!Барлықтарыңызды мектеп парламентінің президентін сайлауға шақырамыз! Мектеп парламентінің президенттігіне үміткерлер! 1.Кәрім Ясмина 10 "а" сыныбы 2.Хапез Үмбет 9 "а" сыныбы 3.Қабанбай Меруерт 9 "ә" сыныбы 4.Даулбай Дильназ 10 "ә" сыныбы