Материалы за 05.11.2021 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
"Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау және оны шешу жолдары"  вебинар
05
ноябрь
2021
"Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау және оны шешу
     Аудандық білім беруді дамыту оқу -әдістемелік орталығының әдіскері С.Мықтыбекованың ұйымдастыруымен "Білім алушыларда туындаған қиындықтарды анықтау және оны шешу жолдары" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің тәжірибе тарату вебинары өтті. Вебинар жұмысында мектебіміздің мұғалімі Арғынбаева Аида Ембергеновна «Жылдам, түсініп оқудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Облыс педагогтары тарапынан тиімді кері байланыс алып, жұмыстарына оң баға берілді.  
"Mi Battle" байқауы
05
ноябрь
2021
"Mi Battle" байқауы
"Біреуден ЕКЕУ, Екеуден ҮШЕУ, Үшеуден ТӨРТ, Төрттен КӨП жақсы. Көптің бірлігі болса, тіпті керемет"-деп жерлесіміз, журналист Бейсен Абайұлы айтқандай, Сарқан ауданының намысын облыстық "Mi Battle" байқауына қатысып, қорғап, жеңімпаз атанып қайттық. Преподавателидің интеллектуалдық білімін шыңдаған сайыстың форматы ерекше әрі қызықты өтті. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.
"ЖАС МАМАНДАР" байқауы аудандық
05
ноябрь
2021
"ЖАС МАМАНДАР" байқауы аудандық
     Сарқан аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Алмалы мектебінде жас мамандарды қолдау, бірін-бірі танып, тәжірибе алмасу мақсатында аудандық “Сабақта оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері”, “Менің жұмыс жүйем” атты ЖАС МАМАНДАР байқауы өтті. Бұл сайысқа мектебіміздің жас маманы ағылшын тілі пәні мұғалімі Қалибаева Арай Сатыбалдықызы қатысып, жүлделі І орынға ие болды! Тәлімгері Есимбекова Динара Айдархановна!