Материалы за 10.04.2019 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Волейбол жарысы
10
апрель
2019
Волейбол жарысы
6 мартда 7-8 сыныптар арасында «8 март Халықаралық арулар күні мерекесіне» орай волейболдан жарысты дене шынықтыру пәнінің ұстаздары А.Мырзахметов. А.Аухадиев ұйымдастырып өткізді. Жарыс нәтижесінде І орын 8 б сынып, ІІ орын 7 б сынып, ІІІ орын 7 ә сынып иеленді.
Көңілді эстафеталық жарыс
10
апрель
2019
Көңілді эстафеталық жарыс
26 февраль мектепішілік 5 сыныптар арасында «Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуына 30 жыл толуына орай» көңілді эстафеталық жарысты дене тәрбиесі мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. І орын 5 а сынып, ІІ орын 5 б сынып, ІІІ орын 5 ә сынып иеленді.
Шахматтан жарыс
10
апрель
2019
Шахматтан жарыс
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Дюсембековтың ұйымдастыруымен 15 февральда мектепішілік аралас сыныптар арасында шахматтан жарыс өткізілді. Ұлдар арасында І орынды Хапез Үмбет 6 а сынып, ІІ орын Шегеубек Аслан 7 б сынып, ІІІ орын Тұрдыбек Дәлел 6 а сынып оқушылары иеленді. Қыздар арасында І орынды Қутбек Каусар 5 а сынып, ІІ орын Әділқожа Нұрай 6 ә сынып, ІІІ орын Жұмаш Айша 6 а сынып оқушылары иеленді.
Тоғызқұмалақ жарыс
10
апрель
2019
Тоғызқұмалақ жарыс
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Ақбаевтың ұйымдастырумен 25 январьда мектепішілік аралас сыныптар арасында тоғызқұмалақ жарыс өткізілді. Ұлдар арасында І орынды Мейрамбай Арман 5 а сынып, ІІ орын Тұрдыбек Дәлел 6 ә сынып, ІІІ орын Шегеубек Аслан 7 б сынып оқушылары иеленді. Қыздар арасында І орынды Сағымбет Алтынай 6 ә сынып, ІІ орын Бегалы Саяла 7 б сынып, ІІІ орын Аұылбекова Анель 6 б сынып оқушылары иеленді.
«Қош келдің март!»
10
апрель
2019
«Қош келдің март!»
«Қош келдің март!» тақырыбында 20 март күні 1-11 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Биыл да мектебіміз алаңға март көжелерін, ұлттық тағмадарды халыққа ұсынды.
Халықаралық әйелдер мерекесі
10
апрель
2019
Халықаралық әйелдер мерекесі
8 март – Халықаралық әйелдер мерекесіне ата-аналарға арналып ашық тәрбие сағаттары және мектепалды даярлық топтарының ертеңгіліктері өтті. «Аяулы асыл жандар» атты тақырыпта өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 6 март ұстаздарға арналған концерттік кеш өткізді, 7 март мектеп қыздарына шағын концерттерін қойып берді.
Өз қолыммен жасаған сыйлық
10
апрель
2019
Өз қолыммен жасаған сыйлық
6 март күні 5-7 сыныптар арасында 8 март Халықаралық әйелдер күніне орай «Өз қолыммен жасаған сыйлық!» тақырыбында көркем еңбек бөлмесінде көрме қойылды. Көрмеге оқушылар өздерінің қолымен аналарына жасаған сыйлықтарын қойды.
«Алғыс айту» күні
10
апрель
2019
«Алғыс айту» күні
1-март «Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айту парызым» тақырыбында 11 сыныптар ұйымдастырған мерекелік концерттік бағдарламаны мектеп ұжымына арнап қойды. 1-11 сыныптар аралығында «Алғыс айту парызым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Азаматтық қорғаныс күні
10
апрель
2019
Азаматтық қорғаныс күні
1-март – Азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. 2 сабақтан кейін сағат 9.30-да мектепішілік «Дабыл. Дабыл» қоңырауы соғылып, барлық мектеп оқушылары, ұстаздар қауымы және мектеп қызметкерлері мектеп алаңында сап түзеді. Сынып жетекшілер штаб бастығына өз есептерін берді.
«Туберкулез ауруының алдын алу»
10
апрель
2019
«Туберкулез ауруының алдын алу»
24 февраль -24 март аралығында «Туберкулез ауруының алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаттар өткізіліп және оқушылардан диктант алынды.