Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты  тәрбие сағаты өттІ
04
ақпан
2025
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаты өттІ
8 А сыныбында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Н.С. Иманалина 
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- әділ қоғамның негізі” атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді
03
ақпан
2025
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- әділ қоғамның негізі” атты
03.02.2025 күні 9 “б” сыныбында сынып жетекші мен тәжірибеленуші бірлесе отырып, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- әділ қоғамның негізі” атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар өзара пікір алмасып, талқыға түсті. Тура биде- туған жоқ “Адал болу - әр адамның жеке жауапкершілігі “түйінмен сабақ аяқталды. Сынып жетекші: А. Малаева  
"Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет байқауы
14
қыркүйек
2023
"Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет байқауы
"АДАЛ ҰРПАҚ" клубының жетекшісі А.С Абильбекова мен технология пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды.  Мақсаты: өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың суреттері арқылы олардың ойларын, көзқарастарын білу.
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепішілік ата аналар жиналысы
05
қыркүйек
2023
Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепішілік ата аналар жиналысы
 Жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепішілік ата аналар жиналысында 29 тамыздағы 110 бұйрығымен таныстыра отырып, мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізуде, салтанатты шаралар барысында сыйлық беруге, оқушылармен барлық түрдегі ақылы тесттерге оқушылар мен ата аналардан ақша жинауға қатаң тиым салынатыны жайлы айтты. Ата аналарға видео роликтер көрсетіліп, жемқорлықтың алдын алуға атсалысыңыздар деп үндеу тастады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастыру
16
тамыз
2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастыру
Әрбір адамның өз құқығынбес саусағындай жақсы білу, қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланысты. Құқықтық білімнің керек емес жері жоқ. Қайда барсаң да алдыңнан құқық саласына қатысты мәселе көлденең шығады. Осыған орай «Айгөлек»  жазғы сауықтыру алаңының жұмыс жоспарына сәйкес «Заңды біл және сақта» тақырыбы бойынша смагулова Самиға тәрбие сағатын өткізді.   
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
05
мамыр
2023
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Мектеп кітапханасында 5 мамыр сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.