Ақпарат » Страница 91 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
Фильм көру 1-4 сынып
28
сәуір
2023
Фильм көру 1-4 сынып
Фильм көру - бұл күнделікті өмірден ажырау, басқа адамның терісіне ену немесе басқа жерлерге саяхат жасау. Бұл бізге күндізгі мәселелерден бірнеше минутқа қашып құтылудың әдісі, ол бізге демалуға және ақыл-ой демалысын өткізуге мүмкіндік береді. Кино әлеміне ену арқылы күйзеліске түсу, зерігу, сағыну сезімдерінің мүмкіндіктерін 62 пайызға төмендете аласыз. Сол себепті, бастауыш сынып оқушыларын сергіту мақсатында кино кеш өткізуді ұйғардық. Ал бұл сол керемет кештен видео-үзінді.   
"Кәсіби бағдар беру"
27
сәуір
2023
"Кәсіби бағдар беру"
📍"Кәсіби бағдар беру" Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында. Кәсіптік бағдар беру жұмысының міндеттері: -Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету; -Олардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, кәсіптерді
Мектеп жаның көркейту
27
сәуір
2023
Мектеп жаның көркейту
   Әрбір гүл, тіптен ең кішкентай және қарапайым гүлдің өзі — табиғаттың таңғажайып жұмбағы. Гүлдерге сүйсіне қарап, ерекше сезімде боламыз.    Жылдам өсуімен және алғашқы аязға дейін созылатын ерте гүлденуімен сипатталатын 120 петуния гүлдері мектебімізге отырғызылды. Қарасаң көз тоятын мектебіміз одан әрі ажарлана түсті, жаңа отырғызылған гүлдер мектеп ауласына көрік беріп, көз жанарын алып тұр.  
“Түлектер аллеясын”
26
сәуір
2023
“Түлектер аллеясын”
Әр адам өмірінде басты 3 затты жасауы қажет. Ол: ағаш отырғызу, өз үйін тұрғызу және дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Сол секілді мектебіміздің 11-ші сынып оқушылары да өз міндеттерінің бірін орындауға сәті түскендіктен, мүмкіндікті қалт жібермеді. 2023 жылғы түлектер мектеп ауласына ағаш отырғызып, өз білім ордасының ауласының гүлденуіне өз үлесін қосып “Түлектер аллеясын” жасады.  
5-7 сынып аралығындағы қыздарға түсіндірме жұмысы
25
сәуір
2023
5-7 сынып аралығындағы қыздарға түсіндірме жұмысы
Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі. Мектеп инспекторы, медбике, психолог және тәрбие завучы 5-7 сынып аралығындағы қыздарымызға түсіндірме жұмысын жүргізді.  
Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
25
сәуір
2023
Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы  
Облыстық 2008-2009 ж.т жасөспірім қыздар арасында Чемпионат
19
сәуір
2023
Облыстық 2008-2009 ж.т жасөспірім қыздар арасында Чемпионат
Сарқан қаласы 16-19.04.2023ж Жетісу облысы баскетболдан 2008-2009 ж.т жасөспірім қыздар арасында өткен Чемпионатта мектебіміздің оқушыларынан құралған Сарқан қыздар командасы 1 орын иеленді! Жекен Аружан Темірхан Балауса. Нұрболатқызы Арай. Рыспаева Альбина. Тоқтасын Наргиза. Азаматқызы Аруна. Уразмолда Шолпан. Қуатбек Мунира. Жақсыбекқызы Жансая. Жарыстың ең үздік шабуылшысы Нұрболатқызы Арай Дене шынықтыру мұғалімі: Смаханов Арыстанбек.  
"Miss gimnaziia - 2023" 5-7 сыныптар аралығы
14
сәуір
2023
"Miss gimnaziia - 2023" 5-7 сыныптар аралығы
"Miss gimnaziia - 2023" 5-7 сыныптар аралығы  Байқаудың шарттары төмендегідей: 1.Таныстыру: (МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСУШЫНЫҢ ОБРАЗЫНДА ҚАЗАҚИ НАҚЫШТАҒЫ ЗАТ БОЛУЫ ТИІС!) (қатысушылар өздерін өлеңмен, әнмен таныстырады, фантазияларыңызға қарай, шектеу жоқ) 2. «Қыз еркем – кестесімен көркем» (Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді. Қолөнер, тағам т.б.) 3. «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту т.б., шектеу жоқ) 4. «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету,
«Мен ғарышкер боламын» атты мектепішілік макет жасау байқауы
14
сәуір
2023
«Мен ғарышкер боламын» атты мектепішілік макет жасау байқауы
12-сәуір - Ғарышкерлер күніне орай «Мен ғарышкер боламын» атты мектепішілік 5-7 сыныптар аралығында макет жасау байқауы өткізілді. Сайысымыздың қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар  
Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" баскетбол ойыны
12
сәуір
2023
Облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" баскетбол ойыны
11-12 сәуір аралығында Текелі қаласында өткен Облыстық Мектеп лигасында баскетбол ойынынан оқушы қыздар арасында 7-8 сынып оқушылары арасында өткен жарыста оқушыларымыз І орын алып Республика біріншілігіне жолдама алды!5-6 сынып оқушылары ІІІ орынды иеленді. Жаттықтырушысы Смаханов Арыстанбек. Жеңісті күндеріміз көп болсын!!!