“Қыздың қадірін біл” ✨
“Қыздың қадірін біл” ✨ Мектепалды даярлық тобында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қыздар шаш өріп, өрім түрлерімен танысты. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу үшін ұйымдастырылып жатыр. Бұрым - әйелдердің өрілген ұзын шашы. Қазақ халқының тарихында қыз баласы әрдайым шашын өріп, шашбау, шолпы тағып жүрген. Әр қазақ қызы үшін шашты жинап жүру маңызды, әрі қажетті болған.