Түлектер 40 жылдық » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
25
қыркүйек
2023

Түлектер 40 жылдық

  Біз, 1973-1983 жылғы Абай орта мектебінің түлектері, туған жерге кіндік қанымыз тамған өлкемізге 40 жыл артқа салып, балалық бал дәуренге саяхат білім нәрін сусындатқан алтын ұя мектебіміздің есігін таудай болған мезетте қайта ашып, сыныпқа партаға қайта 1 сағат болса да отырдық. Арманымыз жүзеге асты. Бүгінгі ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымына, бізді құшақ жайып қарсы алған мектеп директоры Сайлау Жекенқызына алғысымыз шексіз.
  Он жыл бізге білім нәрін сусындатып, осы ұядан ұшу үшін ат салысқан мектеп директоры Шарапиев Сыздықбек ағайымызға, класс жетекшіміз Роза Мақашова, пән жетекшілері Күләй Қазанатова, Айкен Рамазанова, Бағила Князбекова, Сәуле |Орысбаева және тағы басқа ұлағатты ұстаздарымызды мақтан тұтып, қуанышпен көзге жас ала отырып, алғысымызды білдіреміз.
Мектепте биік деңгейге көтеріліп өте жақсы дәрижеде өзгеріс көп, бірақ біздің Абай атамыз өзгермей «Кетігін тапта бар қалан «деп әлі де бізге жол көрсеткендей. Абай атамыз салған жолмен “Абай жолымен” 2028 жылы Алла нәсіп етсе түлектермен соңғы қоңырау үнін естуді жоспарлап кеттік!! Сәтті сан 23.09.23 жылы 23 түлекпен мектеп есігін аштық!