Мектебімізде тілдер күні қарсаңында “Бір үйдің баласымыз” тақырыбында тілдер мерекесі аталып өтті. Мектеп оқушылары әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киіп, әр елдің тағамдарын алып келді. Сондай-ақ сол тілде ізгі тіліктерін білдірді. Мектеп мұғалімдері және ата-аналар тағамдардан дәм татып, өзге ұлт өкілдері туралы қызықты ақпараттар біліп қайтты.