Пікірсайыс (дебат) » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
02
ақпан
2022

Пікірсайыс (дебат)

    Пікірсайыс (дебат) – бұл негізгі ережелері бойынша жүргізілетін дисскусияның негізгі формасын ұсынатын интеллектуалды, ұтымды ой, үздік образ, шешендік сөздер тудыратын дарындылар ойыны және тұжырымды ой түйісетін, салиқалы пікір айтылатын жиын. Елбасымыздың «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» сөзінен ой түйетініміз, бүгінгі жаһандану дәуірінде Қазақстан сияқты жас мемлекеттің ары қарай дамуы үшін өз болмыс-бітімін, ана тілін, ұлттық рухын, намысын сақтап қалу, бүгінгі қоғамның ашындыратын мәселелерін талқылап, жастардың бойындағы патриоттық сезімін күшейту, студенттер арасындағы достық сезімді нығайта отырып, оларды қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге шақыру болып табылады.
     Осы орайда мектебімізде бастауыш сыныптардың арасында пікірсайыс өтті. Қарар оқушыларға алдын ала беріліп 3-4 сыныптардың оқушылары қатысты. Нәтижесінде ІІІ орын "Адал ұрпақ", ІІ орын "Жеңіс", І орын "Қыран" тобы "Үздік спикер" номинациясын 4 ә сынып оқушысы Думанқызы Айдана иеленді.