Ауданды дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік награда » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауданды дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік награда
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
16
желтоқсан
2021

Ауданды дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік награда

    Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Аудандық мәдениет үйінде Сарқандықтарды аудан әкімі Талғат Қанатұлы ауданды дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.
   Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Бекболатова Дана Қайролдановна "Елдіктің 30 жылдығына арналған мерекелік медалімен" марапатталды.
     Шара марапаттау рәсімімен жалғасып, өз саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген аудан жастарына аудан әкімі Талғат Қанатұлы «Жыл үздігі-2021» жастар сыйлығын салтанатты түрде табыс етті.
     Бұл шараның басты мақсаты – ауданымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан жас азаматтарды елге таныстыру. Салтанатты шарада аудан әкімі барша жүлдегерлерді қуанышты күндерімен құттықтап, өз алғысын білдірді.
   Мектебіміздің мұғалімдері Нурпейсов Абай Серікқазыұлы «Жас ұстаз» номинациясымен марапатталса, Жәпеков Акниет Болатұлы «Жас өнерпаз» номинациясын ұтып алды. Марапаттарыңыз құтты болсын қадірменді ұстаздар!