Ұстаз мамандығы қай қоғамда да, қай заманда да қадірлі де құрметті бола білді. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан ұстаздардың білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға арналған әртүрлі олимпиадалар ұйымдастырылған. Соның бірі- Qaztest тестілеу орталығы. Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің ұстаздары қатысып, өздерінің білімін көрсете білді.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында ұйымдастырылған I Республикалық "Үздік тіл маманы" қашықтық олимпиадасының жүлделі орындарды иеленген мұғалімдер: I дәрежелі дипломмен Жонделбаева Мира, II дәрежелі дипломмен Есимбекова Динара, Аида Малаева және дәл сондай дипломды жас маман Қалибаева Арай иеленді.