Мектебімізде 27 қараша күні кітапханашылардың ұйымдастыруымен 1-сынып оқушыларын кітапханамен алғашқы танысуларын саяхат жасап, оқырманға қабылдау өткізді.
Мақсаты: 1-сынып оқушыларына кітапхана өмірімен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
Нәтижесінде: 1 - сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, оқырманымыз ретінде қабылданды. Бүлдіршіндер кітапхана ережесімен, кітапты күтіп ұстаудың жолдарымен таныс болды. Өздерінің сүйікті кейіпкерлері жайлы қызықты кітаптар мен балаларға арналған журналдар топтамаларын қызыға тамашалады.