Мектебімізде мектеп парламентін ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іс-шара барысында жаңадан сайланған парламент мүшелері таныстырылып, оларға арнайы куәліктер табысталды. Мектеп президенті ресми түрде ант қабылдап, өз міндеттерін адал атқаруға уәде берді.
Мектеп парламенті құрамымен таныс болыңыздар:
1. Құқық және тәртіп фракциясы – Қуат Әсет (10 “Б” сынып)
2. Ақпарат фракциясы – Төлеутай Аруна (10 “А” сынып)
3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы – Мұхаметхан Ерсайын (10 “Ә” сынып)
4. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы – Орынбай Сандуғаш (10 “В” сынып)
5. Қамқорлық фракциясы – Думанқызы Айдана (9 “Ә” сынып)
6. Мәдениет және өнер фракциясы – Нұрғажы Құндыз (10 “В” сынып)
7. Дебат қозғалысы фракциясы – Тұрсынжанқызы Балапан (9 “А” сынып)
8. Экология және еңбек фракциясы – Болашақ Елжан (10 “А” сынып)
9. Білім және оқу фракциясы – Байғарым Маржан (9 “Ә” сынып)
10. Вице-президент – Бейсенбайұлы Зікірия (10 “А” сынып)
11. Мектеп президенті – Сержанқызы Тұнық (10 “Б” сынып)
Жаңа парламент мүшелеріне сәттілік тілейміз. Еліміздің болашағы өздерің сияқты көшбасшы жастардың қолында.
