📌 *“Адал азамат” бағдарламасы аясындағы ата-аналар жиналысы*
2025 жылдың 8 - 12 қыркүйек аралығында мектебімізде
“Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
🔹 Мақсаты: “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқу-тәрбие процесіндегі өзара қолдау мен түсіністікті арттыру.
📚 Жиын барысында жаңа оқу жылына арналған жоспарлар таныстырылып, ата-аналармен ашық пікір алмасу жүргізілді.
Ата- ана комитеті сайланды.