🎭 Мәдени саяхат – рухани байлық көзі!
5 «Ә» және 6 «Ә» сынып оқушыларымен бірге Талдықорған қаласына тамаша мәдени саяхат жасалды.
🔹 Саяхат мақсаты:
– Оқушылардың өнер мен мәдениетке қызығушылығын арттыру;
– Рухани дүниесін байыту;
– Сыныптар арасындағы достық пен ынтымақты нығайту.
Балалар Б. Римова атындағы драма театрына және кинотеатрға барып, өнер әлемінен керемет әсер алып қайтты.
🙏 Сапардың сәтті өтуіне үлес қосқан ата-аналарға шын жүректен алғыс білдіреміз!
