"Мектепке жол" республикалық акциясының негізгі мақсаты – әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындау және оларға қолдау көрсету.
Акция аясында көмекке мұқтаж, көпбалалы отбасыларға нақты көмек көрсетіледі. Бұл шара қоғамда жанашырлықты, бір-бірін қолдау құндылықтарын нығайтады, сондай-ақ оқушылардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен бастауларына мүмкіндік береді.