1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мектеп президенті Жекен Аружан Сарқан аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы Шарапиев Ерлан Әлібекұлымен кездесіп, бала тәрбиесі тақырыбында сұхбат жүргізіп қайтты.
Сұхбат барысында бала өміріне қатысты маңызды мәселелер қозғалып, мазмұнды әрі жүйелі жауаптар алынды. Ерлан мырза бала тәрбиесіндегі ата-ана мен қоғамның рөлі туралы өз көзқарасы мен жас ұрпақтың болашағына қатысты құнды ойларымен бөлісті.
Тәлімі мол, мағыналы сұхбат үшін Ерлан Әлібекұлына шынайы алғысымызды білдіреміз!