🔻Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақ халқының батыр ұлы, даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған ерлік пен адамгершілікке толы өмірін жастарға таныту мақсатында «Бауыржан – батыр тұлға» атты патриоттық байқауы өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы қатысып, қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.