
Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая!

Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
«Мақал- сөздің азығы, жұмбақ –ойдың қазығы» атты сайыс өткізілді
Мектебімізде 17 қаңтар күні 5-9 сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Мақал- сөздің азығы, жұмбақ –ойдың қазығы» атты сайыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата- бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу.
Сайыс 4 кезеңде талқыланды.
1.кезең – Мақал-мәтел айтудан жарыс.
2.кезең – Ұяшықтағы жасырынған мақал-мәтелді жалғастыру.
3. кезең – Логикалық сұрақтарға жауап беру.
18 оқушы қатысты, қатысқан оқушылар өте белсенді және жақсы дайындықпен келгендерін көрсете білді.
Нәтижесінде:
Бас жүлде - 6 «а» сынып оқушысы Жарылқасын Алихан
I- Орын 8 «ә» сынып оқушысы Тәңірберген Бекзат
II- Орын 5 «в» сынып оқушысы Бейбіт Қуандық
III- Орын 9 «б» сынып оқушысы Бақытбек Шәкиза
5 «а» сынып оқушысы Мұқиятқызы Ботагөз және 9 «а» сынып оқушысы Амантай Алима «Сөз шебері» номинациясымен марапатталды.