Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ой–өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан–жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Туған жері, өскен үйі, жүрген ортасы, бәрі дерлік балаға әуел бастан үлгі болмақ. Шаңырағындағы адамдардың сөйлеуі, жүріс-тұрысы, іс-қимылы, тіптен ойлауы да балаға тәрбие есебінде беріледі. Халқымыз сол себептен де «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. 5ә сынып оқушысы Сағатбек Айяның отбасымен бірге түсірген видеодан үзінді.