16 желтоқсан тәуелсіздік күні қарсаңында мектебіміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Республикалық қоғамдық бірлестігі біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. “Жас Қыран” ұйымына 2-4 сыныптарынан 70, “Жас Ұлан” ұйымына 5-8 сыныптарынан 80 оқушы қабылданып, ұйымның мақсат, міндеттерімен таныстырылды. Ағымдағы оқу жылына нақты жоспар құрылып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатыны айтылды. Жас Ұланның Ант қабылдауымен жалғасқан жиын, “Жас Ұлан” Гимнімен аяқталды.