Бүгін, 25 қараша күні 10 “А” сыныбының ұйымдастыруымен адам өміріне және қоғамға қауіп төңдіретін аса қауіпті зиянды әдеттер туралы “Тұңғиыққа апарар жол, құмар ойын мен нашақорлыққа қарсы әлем” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Адам өміріне орасан зор зиянын тигізетін, құмар ойын ойнау (лудомания) және психотропты заттарды қолданудың салдары туралы сөз қозғалды. Оқушылар бұрынғы лудомандардың өз тәжірибесі негізінде адам неге құмар ойындарға бейімделеді және лудомания қалай оның өміріне тікелей әсер еткендігі туралы берген сұхбатымен танысты. “Сұлу бала” фильміндегі нашақорлыққа тәуелді баланың өмірі және ата-анасының сол тәуелділікпен күрескендігі жайында үзінді көрсетілді.
Біздің өміріміз өз қолымызда, дұрыс таңдау жасайық өскелең ұрпақ✊