2024 жылдың қараша айында М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстан филиалы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «К.Д. Ушинский мен Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары және олардың заманауи білім берудегі рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Бұл конференция Күзгі руссистика мектебінің 20 жылдық мерейтойына арналды. Конференцияның тең ұйымдастырушысы Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығы болды. Аталған іс-шараға онлайн форматта мектебіздің орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері қатысты.