2.11.2024 жылы Абай атындағы мектеп-гимназияда «Бақытты ана- бақытты бала» тақырыбында педагогикалық қолдау сабағы өтті.Іс -шара ата-аналармен тиімді әрі мазмұнды пікір алмасуға бағытталған. Жиналыс басталмас бұрын қатысушыларды жылы қабылдап, жиналыстың мақсаты мен маңыздылығын түсіндірілді.Ана мен бала видеосы көрсетіліп, жиналысқа қатысушыларға жағымды эмоция тудырды. Ата-аналарға балапанның суретін бояу ұсынылады. Бояған соң, берілген сөздерді маңыздылық ретімен жазады. Бұл қатысушылар арасында қызықты пікірталас тудырады. Әр ата-ана ана бейнесін бір сөзбен сипаттап, өз ойын жеткізеді. “Ана болудың жетістігі” сауалнамасы: Ата-аналарға мінсіз ана болу туралы сұрақтарға жауап беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Мінсіздікке ұмтылу ананың бақытты болуына әсер ете ме, жоқ па деген сұрақты зерттеді.Балалық шақтағы жағымды естеліктерді ата-аналар өз тәжірибесімен салыстырады және ананың мінез-құлқының балаға қалай әсер ететініне назар аударады. • Бұл кезеңде ата-аналар баланың жеке тұлғасына құрмет пен сүйіспеншіліктің маңызын талқылады.Ата-аналар үш топқа бөлінді. Әр топ өзіне берілген мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Энергия жаттығуы: “Өтірік пен шынның арасы” ойыны жүргізілді. Аналарға демалу және энергия алу жолдары туралы кеңестер беріледі. “Ана болу бақытын түсіну үшін…”: Ана болудың нағыз маңыздылығын түсіндіретін кеңестер мен мотивациялық сөздер айтылады.
Бұл шара ата-аналарға өз ойларын ашық жеткізуге, тәжірибе алмасуға және ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Педагогикалық қолдау сабағын қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Аргынбаева өткізді.
