Мектебімізде 14 қараша күні 6 сынып аралығында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай кітапханалық сағат өткізілді.
Мақсаты: М. Өтемісұлының шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімін бір жүйеге келтіру.
22 оқушы қатысты, сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны М.Өтмісұлының өмірі мен шығармашылығынан кеңірек мәлімет алды. Қатысқан оқушылар өте белсенді және жақсы дайындықпен келгендерін көрсете білді.