"Жасы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық профилактикасы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жасы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық профилактикасы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
26
қыркүйек
2024

"Жасы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық профилактикасы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

"Жасы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық профилактикасы" тақырыбында
жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Жетісу обылысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының орынбасары полиция подполковнигі Белгібаева Аида Елеуевна, Сарқан АПБ-нің ЖПҚБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Гаухарбек Іңкар Мұхтарқызы, Жетісу обылысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспектры полиция майоры Дюзгенбекова Аяулым Бекмурзаевна қатысты.
Кездесу өте әсерлі, әрі өзекті болды.
Жиын барысында қазіргі қоғамдағы әсіресі Жетісу облысы бойынша жасөспірімдердің қасақана істелген қылмыстарын ашық айтты және оның зардабын ата-аналарға жік-жігімен түсіндіріп кетті. Алматы қаласындағы Райымбек даңғылында орналасқан 14-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға арналған түрменің қысқаша үзінді бейнебаяны көрсетілді. Қанша жол апатынан т.б салдардан қайтыс болған бала өлімінің статистикасын атап айтты. "Қауіпті терезе", әлеуметтік қауіпті деп танылған ойындар, ата-аналардың баласының тәрбиесіне бей-жәй қараудың салдары туралы түсіндірме жұмыстары толықтай айтылып, кері байланыс жасалды.
Жиналыс барысында берілген ақпарат әр ата-ананың жүрегіне жетті. Келген азаматтарымызға алғыс айта отырып ата-аналар атынан ерекше ықылас білдіргенін жеткіземіз.