“Қамқор” жобасы аясында
"Дүниежүзілік балаларды қорғау күні” онкүндік жоспарына сәйкес, “Қамқор” жобасы аясында Абай атындағы мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары “Жанұя” орталығына ашық есік күні ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — оқушыларды қайырымдылыққа баулу, мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелеу, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету. Шара оқушылардың бойында адамгершілік, жауапкершілік сезімдерін оятып, өзге адамдарға қамқор болудың маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.