Материалы за Қыркүйек 2025 года » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Қыркүйек 2025 года
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
«Ұстазға алғыс!» апталығы басталды!
30
қыркүйек
2025
«Ұстазға алғыс!» апталығы басталды!
«Ұстазға алғыс!» апталығы басталды! «Ұстазға алғыс!» апталығының салтанатты ашылуы өтті. 📌 Апталықтың мақсаты: Ұстаздар еңбегін бағалай отырып, жас ұрпақ бойына ұстазға деген құрметті сіңіру, олардың ел болашағын тәрбиелеудегі рөлін ұлықтау. 🎉 Ашылу салтанатында оқушылар ыстық лебіздерін білдіріп, ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектерін арнады. Бұл апта – тек қана мереке емес, шәкірт пен ұстаз арасындағы рухани байланысты тереңдете түсетін тағылымды кезең болмақ.  
Қарттар – қазына!
30
қыркүйек
2025
Қарттар – қазына!
Қарттар – қазына! 1 қазан – Қарттар күніне орай мектебімізде 10-сыныптар ардагер ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ақ сақалды аталарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ардагерлерге ән мен жыр арнап, би билеп, өздерінің өнерлерін паш етті. Қонақтар құрметке бөленіп, кеш соңында жылы лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді. Бұл – өскелең ұрпақтың үлкенге деген құрметі мен алғысының айқын көрінісі. Қарттарымыз аман болсын! Өмірлері шаттық пен мейірімге толы
Ұстаздар күні құттықтау
30
қыркүйек
2025
Ұстаздар күні құттықтау
Ұстаздар күніне орай 5 “Ә” сынып оқушыларының атынан жүрекжарды құттықтау челленджі жолданды. Оқушылар өздеріне білім берген ұстаздарына алғыстарын шығармашылық форматта жеткізіп, өлең оқып, ән шырқап, жылы лебіздерін білдірді. Бұл челлендж – ұстаз еңбегіне деген шынайы ризашылық пен құрметтің айғағы. Ұстаздарымызға мықты денсаулық, қажымас күш, шығармашылық табыс тілейміз! Мереке құтты болсын! 💐
Абай атындағы мектеп-гимназиясының 2025 жылғы түлегі
30
қыркүйек
2025
Абай атындағы мектеп-гимназиясының 2025 жылғы түлегі
Абай атындағы мектеп-гимназиясының 2025 жылғы түлегі. Чехия елі, Прага қаласындағы Association Praha білім орталығының студенті Жұмағазы Нұрайдың ақ ниетпен білдірген арнайы құттықтауы: “Ардақты да,аяулы ұстаздар! Бар мейірімін төгіп,білім мен тәрбиенің бастамасы болған алтын ұя мекенім - Абай атындағы мектеп-гимназиясының барша ұстаздарын төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мектеп қабырғасында жүріп, оқуға құштарлығымды оятып қана қоймай, дарынды шәкірттеріне қолдау білдіріп, пайдалы
«Менің мектебім буллингке қарсы!» флешмобы
26
қыркүйек
2025
«Менің мектебім буллингке қарсы!» флешмобы
«Менің мектебім буллингке қарсы!» флешмобы Бүгін мектебімізде мектеп парламенті оқушыларының ұйымдастыруымен және 7 «А» сыныбының белсенді қатысуымен «Менің мектебім буллингке қарсы» атты флешмоб өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігіне және мектептегі қолайлы орта қалыптастыруға қоғам назарын аудару, оқушыларды буллингке қарсы саналы түрде әрекет етуге шақыру. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!  
“Менің армандаған мамандығым” атты эссе байқауы
26
қыркүйек
2025
“Менің армандаған мамандығым” атты эссе байқауы
“Менің армандаған мамандығым” атты эссе байқауы 📚 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5-8 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Нургалиеваның ұйымдастыруымен «Менің армандаған мамандығым» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. 🔹 Байқаудың мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және адалдық, еңбекқорлық құндылықтарын насихаттау. 📝 Қатысушылар өз армандарындағы мамандықты сипаттап, не үшін оны таңдағандарын,
Вебинар: “Балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын алу”
26
қыркүйек
2025
Вебинар: “Балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын алу”
Вебинар: “Балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын алу” 2025 жылдың 25-қыркүйегінде Абай атындағы мектеп-гимназиясында “Балалардың қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында педагог мамандарға арналған вебинар өткізілді. Вебинар барысында мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (ДТІЖО) және мектеп психологтары тарапынан алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсат – білім беру ұйымында оқушылардың қауіпсіз ортасын
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды!
26
қыркүйек
2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен
🎉 Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Смаханов Арыстанбек Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды! 🇰🇿 🏅 Бұл марапат ұстазымыздың ҚР бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі мен *Республикалық ұлттық мектеп лигасына* белсенді қатысқаны үшін берілді. 👏 Ұстазымыздың еңбегі еленіп, мәртебесі арта берсін!  
“Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!” атты іс-шара
26
қыркүйек
2025
“Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!” атты іс-шара
“Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!” атты іс-шара «Қолшатыр». Балалар қолшатырдың не үшін қолданылатынын біліп, қолөнер кәсібінің түрімен танысты. Мектеп алды сынып 0 “А” Дувиен Халам  
Облыстық асық ату
26
қыркүйек
2025
Облыстық асық ату
Құттықтаймыз! Жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдері арасындағы облыстық спартакиадада асық ату жарысынан мектебіміздің мұғалімі Смаханов Арыстанбек жүлделі ІII орын иеленді! 🎯 Шараның мақсаты: – Ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау; – Ұлттық ойын түрлеріне қызығушылықты арттыру; – Ұжым ішіндегі достық қарым-қатынасты нығайту. 💪 Мұғалімдеріміз тек білім беріп қана қоймай, спортта да үздік екенін дәлелдеуде!