Материалы за Мамыр 2025 года » Страница 2 » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 2-19-33
Есепші бөлімі:
+7(72839) 2-19-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2025 года » Страница 2
Бегущая строка текста в HTML
Более 9 300 работ на тему «Kazahstan Flag»: стоковые фото, картинки и  изображения royalty-free - iStockАбай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Россия – Бесплатные иконки: флагиДобро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Цвет английского флага: найдено 89 картинокWelcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
16-17 жастағы жасөспірімдер арасында өткен “Sarqan open” 2-ашық турнир
20
мамыр
2025
16-17 жастағы жасөспірімдер арасында өткен “Sarqan open” 2-ашық турнир
18 мамыр күні 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында өткен “Sarqan open” 2-ашық турнирінде мектебіміздің 10 “А” сынып оқушысы Қайратбек Омар 69 кг салмақта чемпион атанды. Болашақ чемпионға сәттілік тілейміз!
Аудандық “Қуат Қайранбаев оқулары”
20
мамыр
2025
Аудандық “Қуат Қайранбаев оқулары”
20 мамыр күні Әл-Фараби орта мектебінде аудандық “Қуат Қайранбаев оқулары” өтті. Нәтижесінде өлең жаттау номинациясы бойынша-Ниязканова Жансая жүлделі 3 орын алды. Жетекшісі:Ауелбекова Айгерім. Буктрейлер номинациясы бойынша-Сағынтай Айсұлу 3 орын алды. Жетекшісі:Арғынбаева Аида. 
Аудандық J лига "Былғары доп" 2014-2015 жылғы оқушылар
18
мамыр
2025
Аудандық J лига "Былғары доп" 2014-2015 жылғы оқушылар
17 -18 мамыр күндері аралығында аудандық J лига "Былғары доп" 2014-2015 жылғы оқушылар арасында Абай МГ командасы жүлделі 1 орын алып облыстық кезеңге жолдама алды.
Талдықорған қаласында өткен “Ілияс Жансүгіров оқулары”
16
мамыр
2025
Талдықорған қаласында өткен “Ілияс Жансүгіров оқулары”
14-16 мамыр аралығында Талдықорған қаласында өткен “Ілияс Жансүгіров оқуларының” республикалық кезеңіне облыс намысын қорғап біздің Абай атындағы мектеп-гимназиясының 9 ә сынып оқушысы Болатқызы Мерей қатысты. Әр облыстан келген кіл мықты оқушылармен өткен үлкен сайыста “Ерекше жетістігі үшін” атты грамотамен және сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі: Айгерім Матайбекқызы  
«Жылдың үздік ұстазы – 2025» Республикалық байқаудың аудандық кезеңі
16
мамыр
2025
«Жылдың үздік ұстазы – 2025» Республикалық байқаудың аудандық кезеңі
6 мамыр күні №1 мектеп-гимназияда өткізілген «Жылдың үздік ұстазы – 2025» Республикалық байқаудың аудандық кезеңінен жүлделі 3-орын иеленген орыс тілі пәнінің мұғалімі Нокабекова Куралай Гапаловна!Бұл жетістік – ұстазымыздың талмай еңбектенуінің, жаңашыл әдістемелерді меңгеріп, шәкірт жүрегінен орын таба білуінің жемісі.Мектебіміз үшін үлкен мақтаныш! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз!  
Аманбөктер ауылында өткен “Жалынды Жастар” слеті — жарқын жетістіктер
16
мамыр
2025
Аманбөктер ауылында өткен “Жалынды Жастар” слеті — жарқын жетістіктер
Аманбөктер ауылында өткен “Жалынды Жастар” слеті — жарқын жетістіктермен есте қалды! 15 мамыр күні ұйымдастырылған түрлі байқауларда біздің жастар өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды: 🎤 “MI BATTLE” — Накиспеков Аманай, II орын 📱 Мобилографтар сайысы — Серік Ақжол, II орын 🥏 🎨 “Эскиз салу” сурет байқауы — Туремуратова Диляра, lll орын “Асық ату” сайысы — Муратов Тлеуберді, III орын 📝 “Тілшілер” сайысы — Маханова Гүлзат және Есмұратқызы Гүлім, III орын Жас
“Robotek Grand Tournament” халықаралық робототехника чемпионаты
13
мамыр
2025
“Robotek Grand Tournament” халықаралық робототехника чемпионаты
“Robotek Grand Tournament” халықаралық робототехника чемпионатына Жетісу облысы атынан “Мерген”категориясына мектебіміздің 9 сынып оқушылары Бейсенбай Зікірия мен Қабас Диас қатысып ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Мыңбай Ельшат, құттықтаймыз👏
1-11 сыныптар арасында біріңғай эссе байқауы өткізілді
13
мамыр
2025
1-11 сыныптар арасында біріңғай эссе байқауы өткізілді
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні 1-11 сыныптар арасында біріңғай эссе байқауы өткізілді.  
1-11 сыныптар арасында біріңғай эссе байқауы өткізілді
13
мамыр
2025
1-11 сыныптар арасында біріңғай эссе байқауы өткізілді
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні 1-11 сыныптар арасында біріңғай эссе байқауы өткізілді.
11-мамыр Аналар күні
11
мамыр
2025
11-мамыр Аналар күні
11-мамыр Аналар күніне орай тәрбие сағаты өткізіліп, 9 “ б” сынып оқушылары өздерінің аналарына деген жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын жолдап, көз жастарына ерік беріп, анаға деген махаббат ешқашан да өшпейтінін дәлелдей алды.