Ашық есік күні ұйымдастырылды
Білім бөлімінің және Аудандық прокуратураның қолдауымен мектебіміздің оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Кездесу қала прокуратурасының ғимартымен танысудан және жұмыс кабинеттерін аралаудан басталды. Оқушылар прокуратура қызметінің ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, оқушыларға Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің цифрлық жобалары көрсетілді. Прокуратура қызметкерлері оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.