Мектебімізде 30 қаңтар күні 8-10 сыныптар арасында кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ұлттық пен құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты Ted отырысы өткізілді Бұл отырыста «Абай жолы» шығармасымен «Томирис» киносы талқыланды.
Отырыстың басты мақсаты: Тарих пен әдебиеттің асыл мұраларын заманауи көзқараспен сараптап, олардың қоғамға, адамның тұлғалық дамуына әсерін айқындау және «Рухани жаңғыру» идеясын іс жүзінде талқылау.
Оқушыларға Ұлттық құндылықтарды таныту халықтың салт-дәстүрі, тарихы, дүниетанымын ұғындыру, тәрбиелік мән беру адамгершілікке баулу, Абай бейнесі арқылы қазақтың болмысын, білімін және моральдық құндылықтарын бүгінгі қоғаммен байланыстыру.
Сақ патшайымы арқылы еркіндік, батылдық және мемлекеттілік дәстүрін дәріптеу.
Жастарға «біз кімбіз?» және «қайдан келдік?» деген сұрақтарға жауап іздету.
Тарихи тұлғалардың заманауи имиджін қалыптастыру. TED форматының ерекшелігі — ескі дүниеге жаңаша қарау.
Абайды тек «өткен ғасырдың ақыны» емес, бүгінгі күннің де рухани реформаторы ретінде көрсету.
Томиристі — мықты лидер, стратег және әйел теңдігінің көне үлгісі ретінде талқылау. Тұлғалық даму және көшбасшылыққа баулу
Екі шығарманың да кейіпкерлері — қиын шешімдер қабылдаған тұлғалар. Олардың іс-әрекетін талқылау арқылы қатысушылардың бойында сыни ойлау мен лидерлік қасиеттерді дамыту.