01 ноябрь 2021 «Сынып жетекші-тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» атты семинар Мектебімізде тәрбие ісінің меңгерушілерінің ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған «Сынып жетекші-тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» атты тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда сынып жетекші жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар мен әлеуметтік педагогпен атқарылатын жұмыс, сынып жетекші мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, сынып жетекші мен оқушы арасындағы жұмыстар талқыланды. Семинар соңында сыныптың даму жоспарын жасап қорғау ұсынылды.