06
октябрь
2022
«Абайтану» олимпиадасы
Сентябрь айының соңғы аптасында республика көлемінде «Абайтану» олимпиадасы ұйымдастырылған болатын. Аталған олимпиаданың мақсаты Абай шығармашылығын насихаттау және оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру болып табылады. Аталған байқауға 8 «В» сынып оқушысы Мақатай Нұртас қатысты. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша Абай Құнанбайұлына арнау өлеңін шығарып республика көлемінде І орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауелбекова Айгерім Матайбекқызы. Нұртас және де октябрьның 4 күні аудан көлемінде ұйымдастырылған «Ақберен оқуларына» да қатысып, өзінің арнау өлеңін оқып, жүлделі ІІ орын жеңіп алған болатын. Жас ақынымызға алар асуың мол болсын деп тілек білдіреміз.