Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру және топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу мақсатында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен бастауыш 2-4 сыныптар аралығында "Ұшқыр ой мен шешен тіл" интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынға 2 "А, Ә, В" ; 3 "А", 4 "А, Ә, Б, В" сыныптары қатысып,
І орын: 4 "Б"
ІІ орын: 3"А", 4"Ә"
ІІІ орын: 2"А", 4"А", 4"В" сыныптары иегер болды.
Ал қалған қатысушы командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық қатысушы сыныптарды жеңісімен құттықтаймыз, әлі де талай биік белестерді бағындыруын тілейміз!

https://www.instagram.com/p/Ca4KXMAAclZ/