Смаханова Ұлжан Өзбеханқызы » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
29
сентябрь
2022

Смаханова Ұлжан Өзбеханқызы

Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Әселі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейрімді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы»-демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі кеткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім-тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл әлем бас иеді.

«Адамның адамшылығы-жақсы ұстаздан» деп хәкім Абай айтпақшы, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі  оқушының болашақ азығы. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару-екенің бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаз болу-жүрек жылуын, мейрім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу-жас ұрпақтық жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім-мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген-ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік болу керек.

Тәуелсіздік тұғырлы болуы үшін ең алдымен ұрпақ тәрбиесін қолға алу керек. Ал ұрпақтың тәрбиесі мен білімділігі ұстаздардың қолында.    Сондықтан да азаттық алған жылдардан бастап, ағартушылардың жағдайын мықтап жасау көзделді. Ұстаз қауымына мемлекеттің тарапынан жасалып жатқан қолдау орасан зор. Мұның бәрі тәуелсіздіктің арқасы-дейді, бүгінгі біздің кейіпкер Смаханова Ұлжан.

Бүгінге дейін 40 жылдан астам саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған Ұлжан Өзбеханқызы Алматы қаласындағы, Киров атындағы мемлекеттік университетін 1983 бітіріп (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) туған жерге қайта оралды. Жоғарғы оқу орнын жаңа бітірген жас маман Ақсу ауданындағы Мамания орта мектебінде еңбек жолын бастап, 1988 жылы Сарқан қаласына қоныс аударады. Дәл осы қаланың Абай атындағы орта мектепте жұмысқа орналасады. Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Ұлжан Смаханова көп ұзамай өзінің біліктілігі мен білімділігін көрсете білді. Кейін мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2006 жылы Лепсі ауылының М.Төлебаев атындағы мекемеге мектеп директоры қызметіне орналасады. Кейіннен Сарқан қаласына қайта оралып, директордың ғылыми әдістемелік жұмыстарын 12 жылдан астам уақыт жүргізіп зейнетке шыққан ұлағатты ұстаз. 

Ұлжан Өзбеханқызы саналы ғұмырын білім бесігін тербеткен ардақты ұстаз. Балалары мен келіндері, сондай-ақ әулет шөберелері де бұл саладан алшақ кетпеді. Тәлімгерлердің тарихына жүгінсек, әулеттегі алғашқы ұстаз Смаханов Өзбехан. Ағартушы ұстаздың жолын ұрпақтары абыроймен жалғастырып келеді. Қазіргі таңда бұл отбасы Сарқандағы «ұстаздар династикасы» атанған. Әулеттің баба ұстазы Смаханов Өзбехан білімге  жастайынан құмар болған. Шәкірт тәрбиелеу ісін Ақсу ауданынан бастаған ардагер ұстаз бен ұрпақтарының еңбек өтілімін қосқанда ғасырға жуық уақыт екен.

Қазіргі таңда бұл әулетте мектеп бағдарламасын қамтитын барлық пәннің мұғалімдері бар. Бірі физика, бірі тарих, бір информатика, бірі дене тәрбиесі және қазақ тілінен сабақ береді. Балаларының қай салада болмасын өз мамандығын жетік меңгерген, жоғары білімді. Немерелері де аға буын өкілдеріне қарап бой түзейді. Білімге де құштарлығы жоғары.  

Ұстаздықтың қыр-сырын шебер игерген Смахановтар әулеті облыстық «Ұстаздар әулеті» атты байқауға қатысып, 30 мұғалімнің ішінен топ жарып жеңіске де жеткен. Қуанышымен бөлісе отырып, ұстаздық біздің әулетімізге тәңірдің берген сыйы,-дейді ардагер ұстаз.

Бұл әулет білімділігімен қоса, береке-бірлігімен де көпке үлгі. Ұлжан анамыздың ендігі арманы немере-шөберелеріне дұрыс тәрбие беріп, әрқайсысы қоғамда өз орнын тапса дейді. Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп. Ғасырға жуық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздар отбасының ұстанымы осындай. Себебі ертеңгі мемлекеттің болмысы-ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

Зейнеткер ұстаз өзінің қарапайымдылығымен еңбектегі   марапаттарында бірден тізбектемеді қолқа салып сұрастырғанда ғана "Халықаралық ұстаздар одағына мүше" төсбелгісі, "Ұстаз Мақтанышы", "АЛТЫН АДАМ" марапаттарымен бірге Білім ғылым минстірлігінің мақтау қағазы бар екенін айтып өтті.

Ұстаз менің өмірлік марапатым алдымнан өткен шәкірттерім мен ұстаздардың өзімді адами тұрғыдан бағалағаны. Ол бағаға ие болдым, Алла шүкір, деп сөзін аяқтады.

Похожие публикации:

29 сентябрь 2022 Жумжуменова Мариям
05 февраль 2018 "Жас маман-2018"