26
апрель
2023
“Түлектер аллеясын”
Әр адам өмірінде басты 3 затты жасауы қажет. Ол: ағаш отырғызу, өз үйін тұрғызу және дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Сол секілді мектебіміздің 11-ші сынып оқушылары да өз міндеттерінің бірін орындауға сәті түскендіктен, мүмкіндікті қалт жібермеді. 2023 жылғы түлектер мектеп ауласына ағаш отырғызып, өз білім ордасының ауласының гүлденуіне өз үлесін қосып “Түлектер аллеясын” жасады.