рухани жанғыру » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
12
февраль
2018

рухани жанғыру

«Ата –баба дәстүрі- ұрпаққа аманат»
Абай атындағы мектеп гимназияда 8- февраль күні мектеп кітапхана меңгерушісі Сиязбаева Шолпан Жұмағалиқызының ұйымдастыруымен «Ата –баба дәстүрі- ұрпаққа аманат» атты сайыс өтті. Оған екі сыныптан «Алғыр» және «Талапкер» тобы құрылып бақ сынасты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды.
1.кезең . «Таныстыру»
2.кезең. «Салт – дәстүрді білесіз бе?».
3.кезең. «Атадан қалған асыл сөз».
4.кезең. Көрініс.
5.кезең. «Мақал-сөздің мәйегі ».
6.кезең. Өз өнерлерін көрсету.
7.кезең. Интелектуалды сұрақ.
Осы сайыста көрермендерге ерекше ұнаған көріністер «Баланы қырқынан шығару» және ұмытылып бара жатқан ырымдардың бірі «Баланың бауырынан табақ өткізу». Бұл ырымды екі жасқа жеткенше жүрмеген балаға «Тез жүрсін»,- деген тілекпен жасалады екен. Сайыс барысында екі топта ерекше дайындықпен келгені анықталды. Әділқазылардың бағалауымен екі топқа да бірдей ұпай беріліп, мақтау қағазымен марапатталды. Осы іс-шара салт-дәстүрімізді жаңғырта отырып «Рухани жаңғыру ұлт рухының арқауы» жарқын болашаққа бастама екенінің айғағы болды.

Похожие публикации:

05 февраль 2018 "Жас маман-2018"
24 октябрь 2017 Рухани жаңғыру