Қыз өссе елдің көркі » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
17
апрель
2017

Қыз өссе елдің көркі

 «Қыз қылығы»

3-март күні Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп гимназияда «Қыз қылығы» атты мектептегі оқушы қыздарға семинар-тренинг болып өтті. Семинардың мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.. 

Семинарға 8,9,10 сынып оқушыларының қыздары қатысты. Семинарды мектеп психологы Мушельдесова Анель «Қазірден...басқа бақытты болатын уақыт жоқ!» атты тренингпен бастады. Қыздар өз ойларымен бөлісіп, тренингті қорытындылады. Семинар қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Төребек Сандуғаштың «Қыз - елдің ары» атты тақырыпта баяндамасымен жалғасты. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойғанын айта отырып. Себебі - бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелегені жайлы айтып. Қыз баланың әр кезде әдептіліктің ауылынан алыстамай, «ар», «намыс», «адалдық» дейтін ұлы ұғымдарды шынайы жүрегімен түсіну керектігін айтты. Баяндама барысында «Қыз қылығы» тақырыбындағы тәрбиелік мәні бар видеолар көрсетілді. «Қызға қырық үйден тыйым» мақалын талқыға салып, қызды-тыйып ұстау-тірсектен қағып, еңсесін езу емес, қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін айтады. Қызды тектеп ұстауды меңзейді. Бүгінгі жастар «заман осындай» деген желеумен батыстық менталитетке ден қойғаны жайлы айтылды. Семинар Бекболат Тілеуханның «Қыздың ары-ұлттың ары» видеосымен қорытындыланды.