ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
15
декабрь
2017

ҰЛЫ АРМАНДАРДЫҢ БАСТАЛУЫ

Жас ұрпақты отансүйгіштікке, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеуде Ел басы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызы зор. Алматы қаласында 4-6 декабрь аралығында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчествалық ғалымдар Ожағының ұйымдастырумен Қ.Р Тәуелсіздік құрметіне арналған «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «МӘҢГІ ЕЛ-ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты ғылыми пракиткалық конференция және өнер фестивальі өтті. Оған Абай атындағы мектеп гимназияның түрлі пәндік үйірмелерінен оқушылар қатысты. Ағылшын тілі пәні бойынша 2 сынып оқушысы Қуатбек Балжан, Бақытжан Айғаным, Әлімғазы Мөлдір 1 орын.Жетекшісі Әлжанова Жадыра Тілеуқожақызы. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бойынша «Көркем сөз» номинациясынан Қуатбек Гүлжайна бас жүлде, Әмір Әйгерім 1 орын, Кәрім Ясмина 2 орын. Жетекшісі Мағзум Ақбота.Шахмат үйірмесі бойынша екінші сынып оқушысы Нұржан Ералы бас жүлде иеленсе, бала кезінен шахматқа деген қызығушылығын оятқан атасы Орыспаев Нұржан құрмет граматасымен марапатталды. Жүлдегер оқушылар Дубай қаласына жолдама алды. Ұлы армандардың бастауына жол ашып, «Бұлақ көрсең-көзін аш»деген қағиданы басшылыққа алып жүрген шығармашыл ұстаз Смаханова Улжан Озбекханқызының осы жұмысты ұйымдастыруда еңбегі шексіз. Абай атындағы мектеп гимназиядан әліде талай дарындылар шығатынына кәміл сенеміз.