"Білім майталмандары" атты сайыс » Абай атындағы орта мектеп-гимназия
Коммунальное государственное учреждение
Средня школа-гимназия имени Абая
отдела образования по Саркандскому району
управления образования Жетысуской области
Приемная
+7(72839) 2-19-33
Бухгалтерия
+7(72839) 2-19-33
Версия для
слабовидящих
» » "Білім майталмандары" атты сайыс
Бегущая строка текста в HTML Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая! Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
13
октябрь
2022

"Білім майталмандары" атты сайыс

  "Бастауышым-балбұлағым,лаулап жансын шамшырағың" демекші мектебімізде жас мамандар апталығы аясында сыныптан тыс іс-шара өтті. Осы орайда, бастауыш сынып мұғалімдері Есболатқызы Гульмира, Жасұланқызы Динара, Жапаргалиева Дана және Сансызбайқызы Арайлым шеберлігімен, ұшқыр ойлы ойындарымен оқушы зейінін жаулап алып, білуге деген құштарлығын шыңдай түсу мақсатында оқушы белсенділігін арттыруға арналған 3-4 сыныптар арасында "Білім майталмандары" атты сайыс өткізді. Сайыс 4 кезеңнен құралған.1 кезең "Бәйге" оқушыларға 4 пәннен сұрақтар қойылды, 2 кезең "Ойыңды жалғастыр" бұл кезеңде оқушылар берілген мақалды жалғастырды, 3 кезеңде оқушылар жұмбақтардың жауабын тапты, 4 кезең "Кім жылдам сайысы" бұл кезеңде оқушылар математика пәнінен есептер шығарды. Аталған сайысқа бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
I орын 3а, 4ә сыныптары
II орын 3ә, 4а сыныптары
III орын 3в, 4в сыныптары
Оқушыларымызға жүлделі орындарыңыз құтты болсын дегіміз келеді!