
Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая!

Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
«Жауапкершілік бала құқығын шектей ме?»
«Жауапкершілік бала құқығын шектей ме?» 10-декабрь мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен маңызды тақырыпқа арналған пікірталас — дебат турнирі өтті.
📌 Мақсаты:
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершіліктің мәнін түсіндіру, өз ойын дәлелдеп айтуға, қоғамдық мәселелерді талдауға, еркін пікір білдіруге жағдай жасау.
🎤 Дебат барысында оқушылар:
– Жауапкершілік пен құқық арасындағы тепе-теңдікті талқылады;
– Өз көзқарастарын нақты дәлелдермен қорғады;
– Қоғамдағы өз орнын түсіну және саналы шешім қабылдау дағдыларын дамытты.
Бұл іс-шара мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыруға әрі белсенді азамат ретінде дамуына бағытталған тиімді алаң болды.