
Абай атындағы мектеп-гимназияның ресми сайтына қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на официальный сайт школы-гимназии имени Абая!

Welcome to the official website of the Abai school-gymnasium!
"Учу Великому” халықаралық орыс тілі форумы
Учу Великому” халықаралық орыс тілі форумы
17–21 ноябрь аралығында Мәскеу қаласында 17 елден келген 150 қатысушыны біріктірген «Учу Великому» халықаралық орыс тілі форумы өтті.
Форумға Абай атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Максименко Наталья Сергеевна қатысты.
Іскерлік бағдарлама аясында Наталья Сергеевна
«Кәсіби конкурстар мен фестивальдер – информалды білім алудың тиімді тәсілі»
тақырыбында баяндама жасап, педагогтердің кәсіби дамуында конкурстық және фестивальдік форматтардың маңыздылығы жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.
Форум бағдарламасына панельдік пікірталастар, шеберлік сабақтары, тақырыптық сессиялар және орыс тілін халықаралық ортада оқытуды жетілдіруге бағытталған әдістемелік әзірлемелердің таныстырылымдары енгізілді.
Максименко Наталья Сергеевнаны сәтті баяндамасымен құттықтаймыз!
Абай атындағы мектеп-гимназиясын халықаралық білім беру алаңында лайықты деңгейде таныстырғаны үшін алғыс білдіреміз.