7 ноябрь күні мектебімізде кітапханашылардың ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай 8-10 сынып оқушылары арасында «Ер ел есінде» атты танымдық жарыс өтті.
Мақсаты: Аты аңызға айналған халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолын таныстыру, оның ерлігі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, батырлыққа, ел қорғай білетін азамат болуға тәрбиелеу.
Жарысқа 30 оқушы қатысып, білімдерін, дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде:
- Бас жүлде – 9 «А» сыныбы
- І орын – 10 «Ә» сыныбы
- ІІ орын – 8 «Ә» сыныбы
- ІІІ орын – 8 «Б» сыныбы
- 10 «Б» сыныбы – «Белсенді қатысқаны үшін» марапатталды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың батыр туралы білімін арттырып, патриоттық рух сыйлады.