Абай атындағы мектеп-гимназиясында шағын футболдан жарыс өтті
Абай атындағы мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының 1-тоқсандық жоспарына сәйкес, 9–11 сыныптар арасында Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған шағын футболдан мектепішілік жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық дода жасөспірімдер арасында достықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ тарихи тұлғаларымызды ұлықтау мақсатында өткізілді.
Жарыс нәтижесі бойынша келесідей командалар жеңіске жетті:
🥇 1-орын – 11 “Б” сыныбы
🥈 2-орын – 11 “Ә” сыныбы
🥉 3-орын – 10 “В” сыныбы
Сонымен қатар, жеке шеберлігімен көзге түскен үздік ойыншылар төмендегідей номинациялар бойынша марапатталды:
🧤 Лучший қақпашы – Садуақас Дамир
🛡️ Лучший қорғаушы – Нұрмұхамбет Омар
⚽ Лучший ойыншы – Беймұрат Айнара
Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай спорттық шаралар жалғасын табады деген сенімдеміз!
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!